
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп»
КММ директоры Унгарбаева Шолпан Ботаевна
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры Унгарбаева Шолпан Ботаевна 14 қыркүйек 1971 жылы Гурьев облысы Ембі ауданы Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген. 1978-1988 жылдары М.Ю.Лермонтов атындағы орта мектепті бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Құлсары қаласындағы А.С.Макаренко мектебінде іс жүргізуші болып бастаған.
1989-1994 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқып, тарих, Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Білімі- жоғары, санаты- жоғары, педагогикалық еңбек өтілі- 24 жыл. 1994-2003 жылдары №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектепте, 2003-2009 жылдары № 5 Абай атындағы орта мектепте, 2009 жылдан №3 жалпы орта білім беретін мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.
2007 жылы №5 Абай атындағы орта мектепте мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, 2009 жылы №3 жалпы орта білім беретін мектепте мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары,2014 жылы №3 жалпы орта білім беретін мектепте мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.
2015 жылдан №3 жалпы орта білім беретін мектепте мектеп директоры.












Сұрақ қою