«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.
- Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.
- Осыған байланысты, аталған іс-шараны іске асыру кезінде 2023 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізудің қоса берілген Тұжырымдамасына сәйкес басшылыққа алу ұсынылады.
- Акция 1 тамыз 2023 жылы басталып 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.
- Акция барысында мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей оқумен қамту, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жүргізіледі.
- Құрметті №3 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары, жаны жомарт ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер мен мектеп ата-аналары сіздерді осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Әлеуметтік педагог А.Сәндібаева 8 778 358 21 98
Жауапты тұлға З.Султанова 8 778 364 74 62
View the embedded image gallery online at:
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/mektepke-zhol.html#sigFreeIdf041c5c133
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/mektepke-zhol.html#sigFreeIdf041c5c133











