1928 жылы Тереңөзекте Жем-Атырау бірінші басқыш мектебі болып ашылып, 1929 жылға дейін сол жерде болған. Мектепте жәдит , аздап орыс тілі оқытылған. Мектеп мұғалімі екі кластық бітірген Жайтапов Шотқара болыпты. Бұл мектеп Ұялы, Қараарна ауылдарын қамтыған.
Қараарнадан 1931 жылы бастауыш мектеп ашылған. Осы аталған мектеп 1942 жылға дейін жұмыс жасаған. 1942 жылы орталау мектеп атанып, 1951 жылға дейін жұмыс жасаған. 1951 жылы Қызылқала мен Ракөш жеті жылдық мектептері қосылып, Қызылқала жеті жылдық мектебі аталды. 1952 жылы Қызылқала және А.А.Жданов атындағы жеті жылдық мектептері қосылған. Мектепте А.А.Жданов аты 1951-1952 жылғы оқу жылында берілген. 1956-1957 оқу жылында мектеп орта мектеп болып құрылды. Осы жылы мектеп жанынан пансион үйі ашылды. 1960 жылы 10 наурызда мектеп музейінің негізі салынды. 1958 жылы бірінші рет орта мектепті бітірушілерді шығарды, 19 оқушы орта білім туралы аттестат алды. 1960-1961 оқу жылында мектеп жанынан Гурьев облыстық сырттай оқу орта мектебінің Шоқпартоғай оқу-консультацияялық пункті ашылды. Осы жылы орта білімді сырттай оқумен 21 оқушы аяқтады. Мектеп 1961-1962 оқу жылында 11 жылдық мектепке айналды және бітірушіге малшы-механизатор мамандығы қоса берілді. 1991 жылы маусымда «Лениншіл жас» газеті мектебіміздің игі-істері туралы арнайы бет берілді.
Мектеп бітірушілерінен есімі елге танымал спортшылар, ғылым кандидаттары, ақындар, өнер адамдары шықты. Мысалы спортшы Рахбиев Бағытжан, педагогика ғылымынң кандидаты А. Қаржаубаев, биология ғылымының кандидаты Б.Жанетов, термеші Ж.Бөлекбаев,Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, айтыскер ақын С.Исахаев т.б.
1984 жылы мектептің әс-тәжірибесі облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде жарияланып, үлгілі мектеп атағына ие болды. Мектеп бірнеше рет аудандық, облыстық Құрмет кітабына жазылды.
Мектепті әр жылдары басқарған мектеп директорлары.
- 1956-1965 жылдары Нұрмаханов Жанаш.
- 1965-1966 жылдары Сабырғалиев Сисенбай.
- 1966-1970 оқу жылы Күнбаев Оташ.
- 1970-1972 оқу жылы Баймағанбетов Нұрлыбай.
- 1972-1978 жылдары Мысағалиев Құрманғали.
- 1978-1987 жылдары Сағиев Мажит.
- 1987-1992 жылдары Ерғалиев Аязбай.
- 1992-1996 жылдары Жиенкулов Есенкул.
- 1996-1997 жылдары Талбаев Аманқос.
- 1997-1998 жылдары Нұрғанова Замзагүл.
- 1998—2002 жылдары Шыбықов Жұмабай.
- 2003-2015 жылдары Жұмашева Гүлжан.
- 2015 жылдан Унгарбаева Шолпан.
Мектепті «өте жақсы» оқығаны және үлгілі тәртібі үшін медальмен және үздік бітіргендер туралы.
- 1957-1958 оқу жылы Ермекбаев Ауғанбай «Күміс медаль»
- 1989-1990 оқу жылы Кенжебекова Ақмарал «Күміс медаль»
- 1990-1991 оқу жылы ЕБөлекбаев Алмагүл «Алтын медаль»
- 1993-1994 оқу жылы Берекетова Лира, Қалиева Айжан, Құлшариева Бибігүл «Үздік аттестат»
- 1994-1995 оқу жылы Жиенкулова Лаззат, Рахимов Мәди «Үздік аттестат»
- 1996-1997оқу жылы Рахимова Гүлнар, Қоскеева Гүлсім, Бекмағамбетова Гүлназ «Үздік аттестат»
- 1997-1998 оқу жылы Құлшариев Мейрамбек, Жақашев Жігер, Ізтілеуов Қайсар «Үзді аттестат»
- 2000-2001 оқу жылы Жұмекенова Фарида «Үздік аттестат»
- 2001-2002 оқу жылы Нұғымова Зәмзә «Үздік аттестат»
- 2007-2008 оқу жылы Елеусинова Раушангүл «Алтын белгі»
- 2009-2010 оқу жылы Бисенбай Асем «Алтын белгі»
- 2010-2011 оқу жылы Үгініс Медет, Тітірбаева Теңге «Алтын белгі»
- 2012-2013 оқу жылы Қисман Аяжан «Алтын белгі»
- 2014-2015 оқу жылы Бисенбай Құралай «Алтын белгі»
- 2016-2017 оқу жылы Көбеген Баршын «Үздік аттестат»
- 2017-2018 оқу жылы Тілекқабыл Гүлжаһан «Алтын белгі», Бисенбай Жанерке «Үздік аттестат»
Мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында өткізілетін «Жыл мұғалімі» сайысына қатысушы мұғалімдер
2004 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисенғалиева Орынша ауданда «Бас жүлде»
2007 жылы бастауыш сынып мұғалімі Шоланова Дидар ауданда «Бас жүлде»
2012 жылы тарих пәні мұғалімі Мухамбедиярова Алтынгүл «Ұлттық құндылықтарды насихаттаушы» номинация.
2017жылы математика пәні мұғалімі Сәрсенбаева Улмекен ауданда «Бас жүлде», облыстан «Алғыс хат»
«Жыл сынып жетекшісі» сайысына қатысушы мұғалімдер
2006 жылы бастауыш сынып мұғалімі Медетова Айна ауданда 3-орын.
2009 жылы математика пәні мұғалімі Сарсенбаева Улмекен 2-орын
2012 жылы орыс тілі пәні мұғалімі Бахуова Лаззат ауданда «Бас жүлде», облыста 2-орын.
2017-2018 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістіктері.
Аудандық «Үздік әлеуметтік педагог» байқауы Әбілхайрова Айнұр 3-орын.
Аудандық «Білім беру жүйесіндегі инновациялық қадам-оқу ісі орынбасарлар байқауы» Нұрған Зәмзәгүл 1-орын.
Аудандық тарих пәні мұғалімдері арасында өткен «Алаштың ақ жолы» тақырыбындағы сабақтар байқауында Унгарбаева Шолпан 2-орын.
Аудандық жас мұғалімдердің «Үздік жас маман» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмабергенова Айсана 3-орын
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қоғамдық-гуманитарлық мұғалімдер байқауында
Тарих пәні бойынша Мухамбедиярова Алтынгуль 3-орын,
Орыс тілі пәні бойынша Бахуова Лаззат 3-орын,
Қазақ тілі бойынша Мұханбетқалиева Гүлбану 3-орын.
2017-2018 оқу жылында педагогикалық оқуларға мұғалімдердің қатысуы
Математика пәні мұғалімі Сарсенбаева Улмекен «Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру» 1-орын, облыста 3-орын.
Бастауыш сынып мұғалімі Алмағамбетова Алтынгүл «Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруда оқу түрлерін қолдану» 2-орын.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Молдағалиева Гүлнұр «Ұлттық ойынды бастауыш сыныпта пайдалану тиімділігі» 2-орын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі» Буранкулова Ғалия 2-орын.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі «Ағылшын тілі сабағында айтылым дағдыларын қалыптастыру» Қамысбаева Ақмарал 2-орын.
Аудандық гуманитарлық пәндер арасында өткен «Жас маман» сайысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдайтегі Мәншүк
Аудандық «Жігіт сұлтаны» сайысында АӘД пәні мұғалімі Әбілхайыров Айбек 1-орын.











