Атырау облысы білім беру басқармасының 2020жылғы 24 қаңтардағы 15-4-13/186 хаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы жылдың 20 қаңтардағы 3-15-3/120-И хаты, Жылыой ауданы білім бөлімінің 27 қаңтардағы 04-04-07 №185 хаты негізінде №3 жалпы орта білім беретін мектепте 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шаралар аясында жұмыстар ұйымдастырылды.
1 қыркүйектен бастап барлық оқушылардың тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни 1-4 сынып, ақылы және тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді.
Мектеп бойынша барлық оқушы саны - 630 оқушы, үйде оқитын оқушылар саны-3 оқушы, оның ыстық тамақпен қамтылғаны - 285 оқушы. Әлеуметтік жағдайларына байланысты 1-4 сыныптан - 278 (3) оқушы, 5-11 сынып аралығындағы тегін тамақтанатын оқушылар саны-7, ата-ана қамқорынсыз қалған бала саны-1. Асханада технологиялық құрал-жабдықтар тоңазатқыш (мұздатқыш камера, қол кептіргіштер және электр плита жарамды. Құрал-жабдықтардан басқа, ыдыс-аяқтар (1-ші және 2-ші тағамдарға тәрелкелер, бокалдар, шай және ас қасықтары, шанышқылар) жеткілікті.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Медициналық тексеруден өткен кітапшалары бар. Жұмысқа жіберуге рұқсат етілген.
Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, құрамы 5 адамнан тұрады. Тамақтану үшін сабақ арасында 15 минуттық үзілістер ұйымдастырылған.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отыбасыларынан шыққан 2 отбасы, 6 бала. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама қабылданды.
Ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар 1,отбасында 1 бала. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық туралы анықтама негізге алынды.
Тоңазытқыштардың температуралық көрсеткіштері уақытылы журналға тіркелген. Қоймада азық-түліктердің сақталуы талапқа сай, қабырғаға тимейді және стиллаждың үстінде. Көкөністердің сапасы тексерілді. Көкөністер сұрыпталған. Сақталуы санитарлық нормаға сай. Асханада жинау жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Жинау жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар маркерленген. Мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалайтын арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Сапасыз дайындалған өнімдер мен тамақтар анықталған жоқ. Буфеттегі өнімдері өте дәмді, салмақтары нормаға сай. Буфеттік тағамдардың аты мен бағасын жазып қою ескертілді.
29 қаңтар күнгі зерделеу уақытындағы тамақтың түрі көкөніс сорпасы, айран,сүзбе, нан болды. Тамақтың мөлшері талапқа сай берілді. Тамақтың дәмін зерделеу кезінде кемшіліктер болған жоқ. Буфеттегі өнімдері өте дәмді, салмақтары нормаға сай.
10 ақпан күнгі зерделеу уақытындағы тамақтың түрі палау, салат сәбіз бен алма, «С» витамині компот кептірілген, нан болды. Тамақтың түрі ас мәзірімен сәйкес келді. Тамақтануға кешіккен оқушыларға түсіністікпен қарау, оқушылардың сұранысын уақытында ұсыну ескертілді.
Оқушылардың сұранысы бойынша буфеттік тағамдардың түрін көбейту ұсынылды. Тамақтануға арналған ыдыстар жеткілікті, таза. Ыдыстарды жууға арналған ерітінділер уақытылы дайындалған, күні жазылған. «Тез бұзылатын тағам өнімдерінің бракеражы» тамақ өнімдері мен азық–түлік шикізаттарының бракераж журналы бар. Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, ас мәзірінің кестесі (меню) жазылып, ілінген. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы және қауіпсіздігін куәландыратын ет тағамында міндетті түрде мал дәрігерінің ресми ветеринариялық–санитарлық сараптама құжаттары, сондай–ақ сәйкестік сертификат құжаттары бар. Зерделеу барысында бақылау тағамы болды. Дайындалған тамақтың сапасы, тамақтың мөлшері санитарлық талапқа сай әзірленген. Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа, ал гарнирді бөлек ыдысқа алып +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта тәуліктік сынама сақталатыны көрінді, тәуліктік сынамаға қойылған тағамның күні, атауы жазылған.











