Мектебімізде 1 қыркүйек күні "Білім күні" мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиынға "Қара Арна ауылдық округінің"
Мектебімізде 1 қыркүйек күні "Білім күні" мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиынға "Қара Арна ауылдық округінің" әкімі Ерболат Құлқайұлы, Жылыой аудан білімінің өкілі «Жас теxниктер» станциясының директоры Ақмарал Нугманова, ауылдың ардақты азаматы Әлім Байжанов, 1-сынып ата-аналар атынан Маxамбетов Саламат қонақ болды. Мектеп директоры Шолпан Ботайқызы жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жүрек жарды тілегін білдірді. Мектеп жаңа оқу жылын 610 оқушымен бастады. 2018-2019 оқу жылында 1-сыныпқа - 84 оқушы,даярлық тобына - 58 оқушы,шағын орталық тобына - 16 оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылында толағай табыстарға жете берейік! Білім күні құтты болсын.














