Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсету, қайырымдылық жасау, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғау әрбір қайырымды адамның - адамгершілік борышы. Осы мақсатта Атырау облысы Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылы №3 жалпы орта білім беретін мектепте 27 қаңтар күні                  6-9 сынып оқушыларының «Тимуршылар» командасы жалғыз басты Мақтаубаева Алтын әжейдің, Бекқұлова Қансулу апайлардың үйлеріне барып, қорасын тазалап көмек көрсетті.

5 ақпан күні 7-11 сыныптар аралығында жәрмеңке (қолөнер бұйымдары, тәтті тағамдар) ұйымдастырылып, жәрмеңкеден түскен қаржыға аз қамтылған отбасы балаларына көмектер көрсетілді.           

Алдағы уақытта да ізгі істер жалғасады.