Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет  қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу–өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.


Мектебімізде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына байланысты мектеп директорының 2019 ж 11 қаңтардағы  №8 бұйрығы шығарылды, іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл акцияняң мақсаты- әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына және басқа ада санаттағы балаларға көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.

Аз қамтылған отбасы балаларын киім,аяқ киім, оқу құралдарымен қамту үшін демеушілік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалына, «Айнұрбек» ЖШС директоры Есмұқашева Жанат ханымға, мектебіміздің ХХХVІІІ-ші түлектеріне,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Утесиноваға және жеке кәсіпкер Ж.Айжарықова ханымға алғысымыз шексіз.

Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі.Қайырымдылық – мүдделі, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғау – әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы. Осы мақсатта  6-9 сынып оқушыларының «Тимуршылар»командасы жалғыз басты Мақтаубаева Алтын әжейдің, Бекқұлова Қансулу апайлардың үйлеріне барып, ауласын тазалап көмек көрсетті.

Әлеуметтік педагог Зайда Сұлтанова, технология пәні мұғалімі Айсәуле Қойбағарова, мектеп тәлімгері Мәншүк Жолдайтегі ұйымдастыруымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өтті. Адам өміріндегі игі істердің бірі қайырымдылық пен мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасау. Мектеп оқушылары қолдан келгенінше жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін үлкен ризашылықтарымен білдірді. Қолөнер шеберлері киіз, жүн, мақтадан жасаған тұрмыстық қажетті бұйымдарды ұлттық нақыштармен бедерлеп әсемдеген. «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. 7-11-сыныптар аралығында жәрмеңке (қолөнер бұйымдары, тәтті тағамдар) ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары берілді.