«Мемлекет басшысының 2019 жылы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын ілгерлету және оны ақпараттық сүйемелдеу жөніндері ұйымдастыру іс –шаралар жоспарының» 16 тармағына сәйкес №3 жалпы орта білім беретін мектепте Жолдаудың идеялары мен іске асырылу барысын ілгерлету мақсатында мектеп қызметкерлерімен инфографика өткізілді.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Халқына Жолдауын ұстаздар қауымы қабыл алды. Мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейін кейінгі халқымыздың,мемлекетіміздің дамуындағы басты мақсаттар мен бағыттарды белгілеген стратегиялық дамудың жоспары ұстаздар көңілінен шықты деп зор сеніммен айтуға болады. Заман талабына сай тиімді мемлекет деген бастапқы бөлімінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес дей отырып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деп еліміздің ұстанатын бағытымызды айқындап бергенін ерекше атауға болады.

Қазақстанның  болашағы бүгінгі мектептегі шәкірт десек,  еліміз экономикасын дамытуда білікті де білімді мамандар шығуы үшін мектепте ұстаз мықты болуы қажет. Ал қазіргі заманда мектеп мұғалімі мамандығын мектепте орташа деңгейде оқыған жастарымыз таңдап, мектеп ұстаздарының сапалық деңгейіне қауіп төніп тұр. Қазір мектепте еңбек етіп жатырған ұстаздар басым көпшілігі орта буыннан асқан зейнеткерлікке жақындап қалған 20 мен 30 жыл еңбек өтілдері бар мұғалімдер. Осы мамандар зейнет жасына жеткен уақытта олардың орнын басатын маман туралы қазірден ойлануымыз керек. Ал Жолдауда осыған ерекше мән беріліп, еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі туралы айтылуы, «оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет» деп атап көрсетілуі сол сияқты өзекті мәселелердің оң шешімін табуға деген талаптардың бірі деп есептеймін. Тағы да осы Жолдаудың бірі оқуға түсе алмай қалған жастардың және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуі деп атап көрсетіп, мектеп бітіруші түлектердің орналасуын ерекше назарда ұстау жөнінде айтылған.

Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы орта білім сапасындағы алшақтық туралы тұжырым бойынша атап өтетін болсам, ауыл мектебінің басшысы ретінде білім сапасын жақсарту бағытында оң шешімін тауып жатырған мемлекет тарапынан қолдаулар арқасында қазір мектебімізде мұғалімдердің ізденспен жұмыс жасауына жағдайлар жасалған. Кең жолақты интернет арқылы мұғалімдер сабақтарында электронды оқыту жүйесін пайдалану мүмкіндігіне ие. Болашақта осы қолдау жалғасын тауып, мектебімізге пәндік кабинеттер алуға қаржы қарастырылса деген ұсыныс айтқым келеді. Мектебіміз пәндік кабинет жүйесімен оқытылады, кейбір кабинеттер 1990 жылдардан әдістемелік-дидактикалық, материалдық жағынан жаңартуды қажет етіп отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 1 мұғалім еңбек етіп жатыр, биылғы оқу жылында 1 бастауыш мұғалімі осы бағдарламамен келіп отырса, 1 мұғалім Алматы қаласынан математика пәнінен келіп орналасты. Маман тапшылығы химия, орыс тілі, психология сияқты кадрлардан бар. Мектеп мамандарын толықтыру мақсатында облыс әкімінің грантына 2017 жылы  1 түлегіміз, 2019 жылы 1 түлегіміз ие болып отыр.

Сонымен қатар Жолдауда «аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарындыы баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыруды, Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек» деген тапсырмасын орындауда жұмыстарымызды күшейтетін боламыз.

Мемлекет тарапынан қабылданып жатырған барлық игі істер Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаулары арқылы білім саласына ерекше көңіл бөлуінен болса, сабақтастықтың жалғасы қазіргі мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауынан көрініс табуы ұстаздар қауымын серпілтті, алда да еліміздің өркениетті елдер қатарына жетуі үшін барлық ұстаздар қауымы шығармашылықпен еңбек ететін болады. Еліміздің болашағын жақсарту бағытындағы Жолдауда көрсетілген барлық міндеттер өз деңгейінде орындалуында зор үлесімізді қосатын боламыз.