1 қыркүйек Білім күніне орай "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында салтанатты жиынға өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімі маманы Қылышбек Алтынбек келді. Жиынға 73 ата-ана қатысып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары туралы жүргізілді.

Жыл сайын жылы күндер басталысымен республикада балалармен жазатайым оқиғалар саны өсуде, бұл ретте көбінесе екі жастан алты жасқа дейінгі балалар.Бұл ақпараттардың негізгі себебі балаларды қараусыз қалдыратын ата-аналардың бейқамдығы болып табылады. ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы терезелер мен балкондардан балалардың түсіп кетуінің 15 оқиғасы орын алды (7 бала қаза болды, зардап шеккендер-8), ағымдағы жылдың 5 айында -32(6 бала қаза болып, 27 бала зардап шекті).2018 жылы еліміздің су айдарында барлығы 341 адам суға кетті, оның ішінде 89 бала, ағымдағы жылдың 5 айында - 98 адам, оның ішінде 24 бала (көбінесе 4-7 жас және 11-16 жас аралығындағы балалар суға кетеді). Сонымен қатар, қазір люктерге, арықтарға және қазылған шұңқырларға құлауына байланысты жазатайым оқиғалар орын алады. Осылайша, 2018 жылы 14 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар-12, ағымдағы жылдың 5 айында-42 адам, оның ішінде балалар-29. Сонымен қатар, зардап шеккен және қайтыс болған балалардың саны ағымдағы жылдың 5 айында ғана 2018 жылдың барлық кезеңіне қарағанда 3 есе көп болғандығын айта келе,             ата-аналар мен оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.