Ұстаз деген аяулы асыл адам,
Білім нәрін бергенде жасымаған.
Жетістігіне қуанып шәкіртінің,
Биік шыңға басса егер жақсы қадам.

Көп етпейді алтынмен жазса атын,
Дидар апай қуанып қарсы алатын.
Жүзінен білім нұры шашылады,
Көрсеткен соң білім мен алыс жақын.

Тең келмейді ұстазыма менің алтын,
Айтатыны "Сүрінсең де алға талпын! "
Алғашқы рет мектепке кірген бойда,
Қарсы алған Дидар апай маған жақын

Талай шәкірт тәрбиеледі жақсы жарқын,
Ішінде батыры бар, тіпті ақын.
Тәрбиеленген шәкіртінің жаманы жоқ,
Қазір де білімге бәрі жақын.

Өлең, мейлі ,кітап пен том жазсаң да,
Алғашқы ұстаз жүрекке мәңгі жақын.
Санамызға әрбір сөзін түйіп алдық,
Дидар апай мен үшін Ұлы ақын.

Жүрекке жол тартады жақсы ұстаз,
Білімге екі адамның бірі мұқтаж.
Кем қылмаған шәкіртін басқа жаннан,
Дидар апай бір сізге шексіз алғыс!

Жылыой ауданы
№3 жалпы орта білім беретін мектептің
8 "ә" сынып оқушысы
Жаңбырбаев Серікболсын Жаңбырбайұлы