2020 жылдың 2 сәуір күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында мектепте білім беру процесін ұйымдастыру бойынша қашықтан ата-аналар жиналысы өтті.

Тақырыбы:"Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?"Мақсаты: мектепте қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы мектеп ата-аналарын ақпараттандыру. Ең бастысы-ата-аналарға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айту. Жиналыс барысында ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған қашықтықтан оқыту (ҚО) жөніндегі ұсынымдармен таныстырылды, қашықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құруға қойылатын кейбір маңызды талаптар, күн тәртібі, ата-аналардың (заңды өкілдердің) жауапкершілігі, ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту үрдісі, кестедегі өзгерістер , білім алушыларға кері байланыс беру, оқу барысы мен оқу нәтижелері, пандемия кезеңінде білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етілді.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:

?️ сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);

?️ сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;

?️ сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);

?️ компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;

?️ арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;

?️ сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;

?️ балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);

?️ Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;

?️ сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;

?️ егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз;

?️ оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;

?️ мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;

?️ сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);

?️ балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;

?️ мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;

?️ сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;

?️ сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.

 

Жүктеу: Ата аналар жиналысына  Қашықтан оқыту онлайн жиналыс

Жүктеу: Ата-аналарға кеңес Онлайн жиналыс