Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбындағы 8 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларының ата-аналарына, 9 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек атты республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияда ата-аналар көп ақпараттар алып, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналармен ойындар өткізілді және тақырыпқа сай сұрақтары бар сауалнама алынып, таратпа материалдар таратылды. Конференция ата-аналардың көңілінен шықты, көп пікір айтылып, алған ақпараттарымен бөлісті, сұрақтарына жауап ала білді.















