Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №15-4-8/282 санды хатына сәйкес 2019 жылғы 1-12 ақпан аралығында
Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №15-4-8/282 санды хатына сәйкес 2019 жылғы 1-12 ақпан аралығында«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында 5.02.19 жылы №3 жалпы орта білім беретін мектепте әлеуметтік педагог З.Сұлтанова, технология пәні мұғалімі А.Қойбағарова, мектеп тәлімгері М.Жолдайтегі ұйымдастыруымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өтті.
Адам өміріндегі игі істердің бірі қайырымдылық пен мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасау. Мектеп оқушылары қолдан келгенінше жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін үлкен ризашылықтарымен білдірді. Қол өнер шеберлері киіз, жүн, мақтадан жасаған тұрмыстық қажетті бұйымдарды ұлттық нақыштармен бедерлеп әсемдеген. «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өз мәресіне жетті.












