Келешек ұрпақтың бойында отбасы – баланың ең алғашқы ұжымы екенін, отбасы ұғымының кеңдігін ұғындыруға, ұлттық тәрбиенің рухани-адамгершілік қасиетін жеткізу, ата-ана тәрбиесінің мағынасын түсіндіру, ата-ананы құрметтеу, ұлттық рухта тәрбиелеу, отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру мақсатында мектепішілік «Отбасы күніне» орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» атты байқау өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар марапатталды. Бас жүлдеге ие болған 9 сынып оқушысы Амандық Исабек аудандық байқауға жолдама алды. Аудандық байқауға қатынасып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту және де отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Менің отбасым» фотогалереясы 3-4 сыныптары арасында, «Менің отбасым – мақтанышым» атты шығармалар байқауы 6-8 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

 

Отбасының жарастығы, татулығына, сыйластығына қалай қол жеткізуге болатындығын түсіндіру мақсатында бала тәрбиесіне қатысты 9 сынып оқушылары арасында «Отбасы сәні - сыйластық» тақырыбындағы психологпен бірлескен тренинг өтті. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіруде, оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында «Әкем, шешем және мен» 1-4 сынып оқушылары арасында отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Сыныптар бойынша 4 топ спорттық сайысқа қатысты.

 

Мектебіміздің ата-аналарының арасынан «Отбасы күніне» орай отау құрғандарына 25 жыл, яғни «Күміс той» иелері анықталып марапатталды.