Жылыой ауданы білім бөлімі облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №15-3-36/2657 хаты негізінде 24 қыркүйек 6 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық-материалдық ынталандыру мақсатында
Жылыой ауданы білім бөлімі облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №15-3-36/2657 хаты негізінде 24 қыркүйек 6 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық-материалдық ынталандыру мақсатында
№3 жалпы орта білім беретін мектепте мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен төмендегідей шаралар өткізілді:
- "Мұғалімді құттықта!" республикалық акциясы өткізілді. Мұғалімдер күні мерекесінің қарсаңында 24 қыркүйек пен 6 қазан аралығында «Мұғалімді құттықта!» акцияға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Құттықтау Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Мектебіміздің жалпы ұстаздарға арнап, оқушылар жылы тілектер мен құттықтауларын жолдап, гүл шоқтарын ұсынды.
- "Ұстазға тағзым" апталығын өткізудің мақсаты оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету. Осы апталықта төмендегідей шаралар өткізілді:
Бастауыш сыныптарда:
1-2- сыныптарда "Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем", 3-4-сыныптарда "Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі" атты сынып сағатында оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіріліп,мерекелерімен құттықтады. Осындай шаралардан мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығая түсетіні сөзсіз.
5-6- сыныптар "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" тақырыбында өнер адамдарымен кездесу кеші айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік шуағын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында өтті.
7-сыныптар "Жақсы маман - жақсы ұстаздан", 8-сыныптар "Көзін аштың бұлақтың" атты «Сыр – сұхбат» кешінің мақсаты ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту . Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу
9-10-сыныптар "Ай мен күннен ұстаз атын жазар ем" , "Ұстаздық еткен жалықпас" "Ұстаз болу жүректің батырлығы" тақырыбында зейнеткер ұстаздармен кездесіп, ардагер-ұстаздар өткен шақтарын еске алып, кейінгі жас ұстаздарға өздерінің еңбек жолдарынан үлгі боларлықтай естеліктер, тілектер Ұстаздар күні айрықша аталып өтті айтты. Сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш ететін оқушылар қауымы мерекеге бар ынталарын салып, қызықты да мәнді кеш ұйымдастырды. Бұл мерекеде мектебіміздің мұғалімдері құрметке бөленіп, өздеріне арналған музыкалық шашуға тәнті болды.
Сонымен қатар мектебімізде «Ұстаз-мектептің жүрегі, баланың тірегі » атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Ш.Унгарбаева ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
Осынау айтулы күні ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеуде атқарған ерен еңбектері еленді. Моральдық және материалдық қолдау шаралары яғни атап айтқанда Құсайынова Гүлназ, Талбаев Аманқос, Айтқалиева Гүлнар, Бекмағұлова Зауреш аудандық білім бөлімі «Құрмет грамотасымен», Жиенқұлов Есенқұл, Шоланова Дидар, Бекмағұлова Зауреш, Боранқұлова Ғалия мектеп кәсіподақ ұйымының мадақтамаларымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар бұл жиынға білім саласында көп жылдар еңбек еткен ардагер-ұстаздарды құрметпен ортаға шақырылып, гүл шоқтары мен бағалы сыйлық тапсырылды.
4 қазан күні 11-сыныптардың ұйымдастырумен "Мұғалім мамандығы беделі!" атты брифинг өтті.Бұл шараны сынып жетекшілері Б.Жумакулова, О.Сисенғалиева ашып, 11 сынып оқушысы Досай Аружан мұғалімдер ұжымын мерекемен құттықтап, Жанаш Бабыржан «Ұстаздарға арнаймын» атты өз шығармашылығынан жырдан шашу шашты. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықты, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұратындығын шәкірттердің құттықтаған сәлемдемесінен байқауға болады. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұстаздарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деп апталықты қорытындыладық.






















