№3 жалпы орта білім беретін мектепте Қара Арна ауылдық округі және аудандық діни ақпараттық насихаттық тобымен бірлесе отырып «Қазақ даласындағы дәстүрлі діннің тарихы » тақырыбында танымдық шара өтті.

 

Шараға «Ақпараттық талдау орталығы КММ-нің Жылыой аудандық филиалы » теологы Беков Нұрсұлтан Сәдуұлы, Қара Арна ауылдық округі әкімі Е.Елеусінов, №3 мектеп директоры Ш.Унгарбаева, «Дінтану» пәнінің мұғалімі Г. Тоқсанбаева , мектеп психологы және 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. «Дінтану» пәнінің мұғалімі Г.Тоқсанбаева «Қазақ даласындағы діннің шығу тарихы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қоғамда қауіпті ағымдардың белең алып бара жатқандығы, жасөспірімдерді теріс ағымдардан сақтандыру жолдары туралы айтып өтті. «Ақпараттық талдау орталығы КММ-нің» Жылыой ауданының филиалы теологы Н.С.Беков «Жылыой ауданы елді мекендеріндегі діни ақпараттық топтардың» жоспарлы жұмыстары, ауыл бойынша жастарды жат ағымнан сақтандыру бағытындағы жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы, ислам діні, оның қағидалары, өтірік айтпау, ата-ананы құрметтеу, сыйлау, ата-ана алдындағы перзент парызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар діни теріс ағымдар, олардың белгілері мен сақтану жолдары туралы тереңірек түсіндірді. Шара соңын ауыл әкімі Е.Елеусінов діни жат ағымдар қоғамға қауіпті екендігі, сондықтан жат діни ағымдардан сақтану үшін округ бойынша діни ахуалдың қадағаланып отырғандығы, ақпараттық насихат тобы құрылғандығы және ата-аналардың діни сауаттылығының маңызы туралы айтып қорытындылады.