21 қараша күні Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы - адам құқығы" атты республикалық онкүндігіне орай "Қауіпсіз жол - сіздің қауіпсіздігіңіз" тақырыбында жиналыс өтті. "Бала құқығы - адам құқығы" атты респубдикалық онкүндікке байланысты "Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын" тақырыбында Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Ундыбаева Жангуль Кайдоловнамен кездесу өткізіліп, 8-11 сынып оқушыларына заңды құқықтары туралы айтып, оқушылар қойған сауалдарға жауап алды.
Қатысушылар:
- Ш.Унгарбаева – мектеп директоры
- А.Камысбаева – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Жамалбеков Нұрғиса Мағауияұлы - Қара Арна ауылдық округі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны
- Жылыой ауданының жол патрульдік полиция қызметкері: аға инспекторы, кіші лейтенанты Жұмағалиев Манас
- Жылыой ауданының жол патрульдік полиция қызметкері: рота сержанты Кенжеғалиев Айдос
- 1 әлеуметтік педагог, 1 тәлімгер, 1 психолог, 8-11 сынып оқушылары, 9 сынып жетекші
















