2018 жылы 21 желтоқсан күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтуіне орай, №3 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратына өрт-тактикалық сабақ және мектеп ұжымына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқама өткізілді. Өрт-тактикалық сабаққа Құлсары қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен мектеп қызметкерлерінің бірлесіп әрекет ету, өртті сөндіру тәсілдері және адамдарды түтінге оранған аймақтан қауіпсіз жерге көшіру әрекеттері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Өрт-тактикалық сабақтың қорытындысымен жеке құрамның іс-әрекетіне талдау жасалып, мектеп қызметкерлеріне парақшалар таратылды.

















