"№3 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Министрліктің Балалар құқықтарын қорғау комитеті бастамасымен 2019 жылғы 27 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE (офлайн)" республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Мектеп дәлізінде "Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?" атты стенд жасақталды.


Іс-шараның мақсаты - интернетке тəуелділіктің алдын алу, кəмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершіліктің Интернет-пайдалану мəдениетін арттыру мақсатында 1-4 сынып оқушылары арасында "Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?" тақырыбында сурет байқауы, 5-11 сынып оқушылары аралығында "Мен OFFLINE (офлайн)" эссе байқауы өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткізілген жұмыстар мектеп ішінде марапатталды.