Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 4 ақпандағы №04-04-06-338 хатына сәйкес №3 жалпы орта білім беретін мектепте 8 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылды.
Адалдық дүкенінің мақсаты – балаларды адалдыққа тәрбиелеу, олардың өз-өзін сынауына мүмкіндік беру. Адалдық дүкенінің басқа сауда орындарынан ерекшелігі бұл жерде сатушы адамсыз сауда жүргізіліп, тұтынушы сатып алған тауарының ақшасын сол жердегі арнайы ақша салатын жәшікке салады.
Бұл шараға 1-11 сыныптың барлық оқушысы қатысты. Адалдық дүкенін ашпас бұрын оқушыларға адалдық туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздері ақшаны арнайы кассаға салып, қайтарым ақшаны шынайы түрде қайтарып алды.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/155-integrity-shop.html#sigFreeId4c71804c2b











