Мектеп оқушыларына арналған «Рақмет саған, Отаным!» тақырыптық лездеме өткізіліп, арнайы «Алғыс кемесі» тақтасы мен «Жүректен жүрекке» мектеп оқушыларымен мектеп ауласында алғыс айту лебізін білдіретін флэшмоб ұйымдастырылды, барлық сыныпта «Алғыс айтудың шексіздігі» атты сынып сағаттары өткізілді, «Алғыс бата ал» тақырыбымен жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсетіп, 6 сынып оқушылары үлкендердің алғысына бөленді. «Бар жақсымыз балаларға» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогы З.Султанова 10 оқушыға мектеп құралдарын табыстады. Бастауыш сынып мұғалімі Р.Ибраева «Шынайы жүректегі алғыс», өзін-өзі тану пәні мұғалімі З.Бекмағұлова «Алғыс білдіру – ең асыл сөз!», 7 сынып жетекшісі А.Зулханова «Жақсылыққа жаным жақын», 9 сынып жетекшісі А.Қойбағарова «Туған еліме мың алғыс» тақырыбында жоғары деңгейде ашық шара, 11 сынып оқушылары «Адал еңбек алғысым – ұстазыма!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.