6 наурыз күні көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай «Көктем аруы-2019» байқауы өтті.Байқауға әр сыныптан алты ару қатысып, бақтарын сынады. «Қыз өссе-елдің көркі» дегендей сайысқа қатысушы арулардың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Байқау 7 кезеңнен ұйымдастырылды. Әр кезеңнен аруларымыз асып түспесе кем түспеді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені 9 «а» сынып оқушысы Құрманғазықызы Камила, І орынды 11 «ә» сынып оқушысы Теңелбайқызы Мөлдір, ІІ орынды 9 «ә» сынып оқушысы Сағидоллаева Лязиза мен 10 «а» сынып оқушысы Жомартқызы Арайлым, ІІІ орынды 10 «ә» сынып оқушысы Нұрланқызы Аружан мен 11 «а» сынып оқушысы Шайхы Индира иеленді. Байқауға қатысушы аруларымыз дипломдармен марапатталды.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/158-k-ktem-aruy-2019.html#sigFreeIdfbef24aedc











