20 наурыз күні мектепте «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты наурыз мерекесіне арналған наурыз тойы тойланды. Мектеп ауласына қаз қатар киіз үйлер тігіліп, бауырсақ пісіріліп, наурыз көже асылды. Мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, ұмытылып бара жатқан «Байғазы», «Бұйымтай», «Туған жерге аунату», «Саумалық», «Бәс тігу», «Базарлық» салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Сонымен қатар «Бестас», «Мәлік тебу», «Асық ату», «Кір тасын көтеру», «Арқан тарту», «Қол күресі» ұлттық ойындарынан сайыстар ұйымдастырылды. Қазағымның ұлттық киімдерін киген оқушыларымыз бен ұстаздарымыз көздің жауын алғандай!
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/159-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeIdff31195b19











