"№3 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4-17 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы өткізілді.


Ақпараттық кампанияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Мектеп дәлізінде «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты стенд жасақталды.

1-2 сынып оқушылары арасында «Интернет дегеніміз не?», 3-4 сынып оқушылары арасында  «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» тақырыбында сынып сағаттары, 5 сыныптарда «Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбында сурет байқауы, 6-7 сыныптар арасында «Балаларға бала жасынан бастап интернет қажет» тақырыбында эссе байқауы, 8 сыныптар арасында «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары»,  «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» жөнінде түсіндірме жұмыстары,  9 сыныптарға «Интернет және біз» тақырыбында дөңгелек үстел, информатика пәні мұғалімі А.Талбаева 9-10 сыныптарға «Интернет менің өмірімде» ашық шара, мектеп психологы К.Кусайнова «Интернет: ия және жоқ» оқушылар арасында сауалнама, «Интернеттің алдын алу-оқушылар тәуелділігі» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді. Өткізілген жұмыстар мектеп ішінде марапатталды.