Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 15 сәуірдегі №15-4-10/1147 хатына сәйкес Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткізілетін шаралардың жоспарына сәйкес 19 сәуір күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта 1-4 сыныптарда сынып сағаттары, «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі 5-7 сыныптарда, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында ой толғау (эссе) ұйымдастырылып, «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында дебат өткізілді. Оқушылармен мектеп әкімшілігі «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді.