Мектепте туризмнің әр түрімен айналысу азаматтық сезімге, туристік мәдениетке, ой-өрісін кеңейтумен қатар сауықтыру бағытында да пайдасы зор.
Осы бағытта жуырда мектеп туризмінің инструкторы Е.Жиенқұлов, АӘД пәні оқытушысы және ұйымдастырушысы А.Әбілхайров, дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Салықбай, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар А.Камысбаева мен мектеп тәлімгері М.Жолдайтегінің ұйымдастыруымен ҚР-ның қарулы күштері Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына арналған Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында 8-9 сыныптар арасында мектепшілік туризм өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар компаспен бағдарлау, шатыр құру, кедергіден өту, жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету және туристік ән шырқаудан сайыстарға түсті. Туристік жұмыстарға балалардың ерте кезден араласуы олардың ой-өрісін дамытады, қоғамға қажетті білімге құштарлық, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке өз бетімен шығармашылық іске ұмтылуына, болашақ мамандық таңдауына да игі әсер етері сөзсіз. Бұл жұмыс нәтижесінің дәлелі облыстан аудан намысын қорғаған №3 мектеп туризм командасы «Жастар-нашақорлыққа қарсы» тақырыбында өткізілген облыстық туристік жарыстан 2017 жылы І орын, 2018 жылы І орын, 2019 жылы ІІ орын иеленді.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/183-mektep-turizmini-m-ni-tere-de.html#sigFreeIde32232aa4d











