Жылыой ауданы білім бөлімінің   2019 жылғы 28 тамыздағы №115 «2019-2020 оқу жылының басталуы туралы», №3 жалпы орта білім беретін мектеп директорының 2019 жылғы 29 тамыздағы №60 бұйрықтары мен іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, 1 қыркүйек – Білім күні өткізілетін «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» аясында Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.

Жиынға 1-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, ардагер ұстаздар, Қараарна селолық округінің  бас маманы С.Ідірбай, Жылыой аудандық білім бөлімі әдіскері Ж.Атырауов, ауыл азаматы Ә.Байжанов, «Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы С.Балжігітов, Қара -Арна ауылдық округі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жамалбеков Нұрғиса Мағауияұлы, Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Алтынбек Қылышбек және ата-аналар қатысты.                 

Барлық сыныптарда алғашқы «Білім күні» сабағы өткізілді. 1-сыныптар «Отанға қызмет ету» игі істердің презентациясы, 2-сыныптар «Менің жазымның бір күні» суреттерінің, альбомдарының конкурсы, 3-сыныптар «Туыстар арасындағы жаз» достар, туыстар, көршілер суреттерінің көрмесі, 4-сыныптар «Мектеп-толық өмір» ата-аналардың, мектеп түлектері мен мұғалімдерінің  мектептегі өмірі туралы фильмдер мен бейне материалдар, 5-6 сыныптар «Өзіме қажет – елге қажет» кездесу (іс-шарасы табысты адамдармен кездесу және олардың өңірді дамытуға қосқан үлесі),7-сыныптар «Мұражайдағы білім күні» экскурсиясы (аймақтың тарихы, мәдениеті, атақты адамдары, қасиетті жерлері туралы), 8-сыныптар «Лайықты болғым келеді» атты диспут (азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін тереңдету), 9-сыныптар «Қасиетті жерлерге саяхат – ортақ іс» әңгіме-презентация, 10-сыныптар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» (Жаңа пәнмен таныстыру), 11-сыныптар «Лайықты сөз, лайықты себеп, лайықты адам» интеллектуалды пікірталас сабақтары өткізіліп, біздің тұтастығымыздың сарқылмас қуат көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі мен қазақстандық мемлекеттің тарихи тереңдігін көрсететін жалпы халықтық идея, өз Отанына деген сүйіспеншіліктің бейнесі,қазақстандық париотизмнің жоғары деңгейі жан-жақты айтылды.

Мектеп оқу   жылын   барлығы    1-11 сыныптарда – 636 оқушымен  бастады. 1- сыныпқа – 73 оқушы қабылданды. Мектепалды даярлық тобына-  45 бала. Шағын орталыққа-31 бала қабылданды.

1 қыркүйек - Білім күні ұйымдасқан түрде өтті.