Өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жат әрекеттерден аулақ болуға үндеу мақсатында 8-10 сыныптар арасында "Адал ұрпақ" сайысы өтті. Сайыс 4 турдан өтті.
1-тур: Таныстыру
Формасы: Қойылымдық сап-түзеу (театрализованная маршировка) Уақыты – 3-4 минут.
Қойылым қазақстандық патриотизмді насихаттайтын, ұлттық мәдениет пен құндылықтар, адал ұрпақтың жарқын болашағын бейнелейтін, патриоттық үнқосулар, көріністер негізінде дайындалуы керек.
2-тур: "Ең үздік сынып сағаты"
Шарты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген сынып сағаттарының слайд түрінде қорғау (фотосурет міндетті).
Уақыты – 2 минут.
3-тур: "Ең үздік көрініс"
Шарты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрініс көрсету.
Уақыты - 3-4 минут.
4-тур: "Сұрақ-жауап"
Шарты: топ басшыларына сұрақтар қойылады, белгіленген уақытта жауап беру керек.
Сайыс қорытындыланып, нәтижесінде
І орын 10 "А", ІІ орын 9 "Ә", ІІІ орын 10 "Ә" сыныптары иеленіп, аудандық сайысқа 10 "А" сынып оқушылары жолдама алды.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/195-adal-rpa-m-gilik-eldi-kepili.html#sigFreeIde7ce941976











