Жастар - елдің ертеңгі тірегі. Сондықтан Елбасы оларға үлкен үміт артып, биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.


Осы ретте, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында республика көлемінде барлық білім беру ұйымдарында "Адалдық сағатын" өткізуді тапсырды. Осыған орай №3 жалпы орта білім беретін мектепте "Адалдық сағаты" өткізілді. Алдымен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы лездеме ұйымдастырып, лездемеге Шоқпартоғай ауылының құрметті азаматы, "Ақсақалдар алқасы" кеңесінің төрағасы Жеңіс Махамбетұлы шақырылды. Өз кезегінде сөз алған Жеңіс Махамбетұлы оқушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресу - Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отырғандығы, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, адалдық қасиеттерді қалыптастыру жағдайында, пара ұсыну да, пара алу да жемқорлыққа жататындығы екендігін айта келе, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек деп баса айтып өтті. 11 қазан күні мектепішілік "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы слеті өткізіліп, "Бас жүлде" иеленген 10 "А" сынып оқушылары аудандық "Адал ұрпақ" слетінен де "Бас жүлде" иеленіп, облыстан жүлделі ІІ орын иеленді.