Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше.
Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2019» мерекесімен құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Сайыс бес бөлім бойынша өткізілді:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі ханшайым (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету)
Сайысқа 10 "а"-сыныбынан "Анар" жемісі Төлепқызы Гүлжауһар
10 "ә"-сыныбынан "Шабдалы" жемісі Сәндібекқызы Лаззат
9 "а"-сыныбынан "Банан" жемісі Досай Жанар
9 "ә"-сыныбынан Айтшыбай Гүлзат
9 "б"-сыныбынан Шайхиева Сая сынды арулар қатысып, өз өнерлері мен білімдері бойынша бақ сынады.
Сайыс нәтижесінде "Бас жүлде" - 10"а"-сыныбы Төлепқызы Гүлжауһар, сынып жетекшісі - Білбаева Айша
1-орын 10 "ә"-сынып оқушысы Сәндібекқызы Лаззат, сынып жетекшісі- Қойбағарова Айсәуле
2-орын 9"а"-сынып оқушысы - Досай Жанар, сынып жетекшісі - Қалиева Гүлнара
3-орын 9"ә"-сынып оқушысы Айтшыбай Гүлзат, сынып жетекшісі - Сұлтанова Зайда
3-орын 9"б"-сынып оқушысы Шайхиева Сая, сынып жетекшісі - Айтқалиева Гүлнар.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/199-ayauly-k-z-altyn-k-z-2019.html#sigFreeIdcc8bce0183











