"Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ" онкүндік акциясы аясында 17 қыркүйек күні дене тәрбиесі пәні мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері Таменова Бақытжамал мен Ерқасова Алтынгүлдің ұйымдастыруымен "Әкем, анам және мен" тақырыбында Жас отбасылар арасында спорттық сайыс өткізілді.

Сайыс 6 кезеңді қамтылып, бастауыш 1-4-сынып аралығында оқитын баласы бар ата-аналар қатысты. (Әкесі, анасы және екі баласы) Ең алғашқы шарты отбасылар өздерін таныстырумен басталды.
Атап өтсек: "Болашақ" тобы - Мұхамбетовтер отбасы;
"Жалын" тобы - Өтегеновтер отбасы;
"Сұңқар" тобы - Қосжановтар отбасы.
Сайыс кезеңдерінде әр отбасының шапшаңдығы, ұйымшылдығы, зеректілігі, жігерлігі ерекше көзге ілінді. Қорытындылай келе отбасылар номинациялармен марапатталып, соңы әдемі естеліктермен аяқталды.