Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі №1508 хатына, аудандық орталық аурухана әкімшілігі 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қыркүйек айында орындалатын іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық аурухананың мейірбикесі Муканова Гүлжан келіп №3 жалпы орта білім беретін мектепте оқушылармен және сынып жетекшілермен, мектеп психологы Алтынай Ибадоллаевнамен, мектеп медбикесі Ахметова Жеңіскүлмен бірлесе отырып төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Мектептегі шағын орталық, мектепалды даярлық және 1-4 сынып оқушыларына «Жол қозғалысы ережелерін білу-қауіпсіздік негізі» ұлттық бағдарламасы бойынша «Жол қозғалысы ережелерін білу-қауіпсіздік негізі» әңгіме, Дүниежүзілік жүрек күніне «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» ұлттық бағдарламасы бойынша «Қарбоз ағай туралы ертегі» әңгіме; 5-8 сынып оқушыларына «Дені сау жанұя-дені сау мемлекет» ұлттық жанұя күніне ұлттық бағдарламасы бойынша «Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым қатынас» сынып сағаты, 9-11 сынып оқушыларымен «Дені сау жанұя-дені сау мемлекет» ұлттық жанұя күніне ұлттық бағдарламасы бойынша «Ар-намысыңды сақта!» тренинг, Дүниежүзілік жүрек күніне «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» ұлттық бағдарламасы бойынша «Салауатты өмір салты принциптерін ұстану» тақырыбында дәріс өткізілді. Оқушылар үлкенге-құрмет, кішіге – ізет көрсетуді, бір-біріне жақсылық жасауды, жамандақтан аулақ болу, ар-намыс, абырой, күн тәртібі, дене жаттығулары мен таза ауаның, еңбекқорлықтың пайдасы, салауатты өмір салтын сақтау, зиянды заттардан (шылым, спиртті ішімдіктер, есірткі) аулақ ұстау туралы өте жақсы түсіндіріп берді.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/214-salauatty-mir-saltyn-alyptastyru-densauly-kepili.html#sigFreeIdc09bd3688e











