Жастар - елдің ертеңгі тірегі. Сондықтан Елбасы оларға үлкен үміт артып, биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.
Осы ретте, 6 қараша күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында республика көлемінде барлық білім беру ұйымдарында "Адалдық сағатын" өткізуді тапсырды. Осыған орай №3 жалпы орта білім беретін мектепте "Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!" тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді. 1-4-сыныптар аралығында 4 «ә»-сынып жетекшісі Шоланова Дидардың ұйымдастыруымен «Адалдық-адамдықтың белгісі» сынып сағаты өтті. Сынып сағатына қонақ Шоқпартоғай ауылының дәрігерлік емханасының акушері Жатенова Гүлжахан Есбосынқызының қатысты. Сонымен қатар, 5-6-сынып аралығында 6 «а»-сынып жетекшісі Бахуова Лаззаттың ұйымдастыруымен «Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында лездеме өткізді. Лездемеге қонақ болып Қара Арна ауылдық оругінің әкімдік аппаратының бас маманы Ідірбай Сұлу келіп, оқушыларға Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болатындығы туралы айтып өтті. 7-8-сынып аралығында 8 «ә»-сынып жетекшісі Абилхайырова Айнұрдың ұйымдастыруымен «Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» пікірлесу сағаты өтіп, қонақ болып мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, аудандық мәжіліс депутаты Балжігітов Сейтжан Қапанұлымен пікірлесті. Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізгендігі туралы айтты. 9-11-сынып оқушылары арасында 11 «ә»-сынып жетекшісі Ғ.Боранқұлованың ұйымдастыруымен «Адалдық пен әділдік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Дүйсенбек Бөкенов қонақ болып, оқушыларға Қазақ халқы қандай да бір дау шықса билерге барып істің ақ-қарасын, әділдігін шешетіндігі туралы оқушыларға айтты.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/219-a-i-atty-zhol-a-alyp-adaldy-pen-mir-bastajmyz.html#sigFreeIdc90340bea8











