Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 21 қарашадағы №15-4-8/3201 хаты, Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №04-04-07 хаты негізінде №3 жалпы орта білім беретін мектепте  Балалардың  құқықтарын қорғау комитетінің Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30-жылдығы мен ратификациялауының 25-жылдығын мерекелеу мақсатында 19-27 қараша аралығында «Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз.

Біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты онкүндік ұйымдастырылды. Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.

Онкүндіктің барысында 19 қараша күні «Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын атап өту» тақырыбында салтанатты жиын, 20 қарашада «Балалардың денсаулығы мен өмірі үшін ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында Құқықтық білім күні жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып «Ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі» жадынама таныстырылып, таратылды, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   А.Камысбаева «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен тәртіпсіздіктің алдын-алу – басты міндет» тақырыбында баяндама оқылып, «Ашық микрофон» әдісі арқылы ата-аналарға сауалдар қойылды және де "Ата-ананың алақаны – балаға саялы бақ" атты ата-аналар арасында психологиялық тренингтер өткізіліп, тәулік бойы "Қызу желі" сенім телефонының қызметі ұйымдастырылды.

 21 қарашада көркем еңбек пәні мұғалімі 6-8 сыныптар арасында  «Бала құқығы – адам құқығынан басталады» сурет байқауы, «Әлемді зорлық зомбылықсыз өзгерту» тақырыбында қазақ тілі пен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Мұхамбетқалиева эссе байқауы ұйымдастырды. "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында мектептің қыздар кеңесінің төрайымы  З.Бекмағұловамен қыз балалармен сырласу кеші өтті.

Сонымен қатар "Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын" тақырыбында құқық пәні мұғалімі Г.Тоқсанбаева ашық шара  өткізіп, 8-11 сынып оқушыларына заңды құқықтары туралы айтып, оқушылар қойған сауалдарға жауап алды 1-4 сыныптар аралығында "Бала құқығы - асыл қазына", 5-8 сынып аралығында "Оқушының құқықтары мен қызметтері", 9-11 сынып аралығында "Менің құқығым" тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, мектеп кітапханасымен "Тәуелсіз ел - мәңгілік ел" тақырыбында заңдар жинағымен бұрыш жасақталды.

            Қазақстандық балалардың сапалы білім, медициналық қызметті алуына, қоғамдық өмірге араласуына, қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарын пайдалануына мүмкіндіктері бар. Қазіргі таңда балалар – қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасышылары, олар балаларға арналған жобалар, форумдар және іс-шаралар арқылы өз пікірлерін сүйіспеншілікпен және олардың қатысуымен жүзеге асырады.

 

.