2019 жылы 20 қараша күні облыстық білім беру басқармасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлешовтың 2019 жылғы 12 қарашадағы №7-10/3471 хатына орай, №3 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашылары А.Уракова мен Г.Дощанованың ұйымдастыруымен «Өзің оқы да , өзгеге ұсын» деген ұранмен шара өтті.
Мақсаты: кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту, кітап оқудың адамға ерекше әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын , санамызды рухани жаңғырту , кітапқа деген қызығушылық, оны оқуға деген ынтаны дамыту.
Кітапханашы А.Уракова оқушыларға бүгінгі технологиялар қаншалықты қарқынды дамып жатса да, әлем тарихының айнасына айналған миллиондаған ғылыми, әдеби туындыларсыз адамзат өмірін елестету мүмкін емес. Соған қарамастан, қазіргі қоғамда кітапханаға бас сұғып немесе кітап дүкендерінен әдеби кітап сатып алушылар саны өте аз. Осы орайда «Буккроссинг» жобасының әлемдегі сан мыңдаған кітаптардың өз оқырмандарымен қауышуына бірден-бір дәнекер бола алатындығын айтқым келеді. Буккроссинг «өзің оқы да – басқаға бер» қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Біз өз кітаптарымызды оқырман оқуы үшін оларды сөрелерде қалдырамыз. Әрбір адам сөредегі кітапты алып, орнына басқа кітап қалдыруына болады. Буккроссинг адамдардың кітапқа және кітап оқуға деген қатынасын өзгертеді. Оның мәні – кітаптардың сөрелерде шаң басып жатпауы, басты мақсаты – пайда әкелу! Басқаша айтқанда, бұл жанды кітапхана болып табылады. «Буккроссингтің» бір ерекшелігі – біздің жастар өзінің оқыған кітабын басқа кітаппен алмастыратындығын түсіндірді.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/221-zi-o-y-da-zgege-syn.html#sigFreeId1b007d8dcf











