2019 жылдың 15 қазан куні Жылыой ауданы Шокпартоғай аулында №3 мектеп кітапханасында С. Сейфуллиннің 125 жылдығына орай өткізілген "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" атты әдеби кеш өтті.

Оқырман оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Темірбаев Есен ақынның "Ақсақ киік" әнін нақышына келтіріп орындады. "Қазақтың сыршыл Сәкені" атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандармен "Әдеби джем", " Time land" өткізілді. Шара соңында қатысқан оқушылар марапатталды.

.