2019 жылдың 15 қараша күні 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенттің күніне орай «Өнерімді еліме арнаймын» атты 7-11 сынып оқушылары арасында көркемөнерпаздардың мектепішілік байқауы өткізіліп, аудандық байқауға вокалдық орындау жанры бойынша Көбегенұлы Бекзат Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім» әнімен, хореография жанрымен Төлепқызы Гүлжауһар мен Жолдай Шара «Қазақ биімен», көркем сөз оқу жанры бойынша Елеубай Сағадат М.Шахановтың «Арман» шығармасымен, аспапты орындау жанрымен «Жем сазы» ансамблі Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен қатысып, нәтижесінде Көбегенұлы Бекзат І орын, Елеубай Сағадат І орын, «Жем сазы» ансамблі ІІ орын иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/223-nerimdi-elime-arnajmyn.html#sigFreeId1ea591ba67











