2019  жылдың 15 қараша күні 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенттің күніне орай «Өнерімді еліме арнаймын» атты 7-11 сынып оқушылары арасында көркемөнерпаздардың мектепішілік байқауы өткізілді.

             Байқаудың мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай балаларға эстетикалық және өнегелік тәрбие беру, өнердің көркем шығармашылығын дамыту, оқушылардың жоғары рухани және өнерпаздық талғамын қалыптастыру.

            Байқау міндеті: Мектеп оқушыларының шығармашылық көркемдік дәрежесін өсіру, көркемөнерпаздыққа жастарды кеңінен баулу, халық шығармашылығын дамыту, ереше дарынды балалар мен топтарды анықтау, балаларға арнап ән – күй шығаратын композиторлар мен ақындардың шығармашылығын қолдау, жаңа методикалық және практикалық ақпараттармен алмасу.

            Байқауға қатысушылар вокалдық орындау (академиялық, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, жеке және ансамбль), хореография (классикалық, халықтық, балдық, заманауи), аспапты орындау (халықтық, үрмелі, эстрадалық, классикалық), театр өнері (көркем сөз, миниатюралар) жанрлары бойынша оқушылар үлкен дайындықпен қатысты. Байқау соңында барлық өнерпаздар марапатталып, байқауға өнерпаздарды жоғары деңгейде дайындаған сынып жетекшілерге мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар табыс етілді. Бас жүлде иеленген өнерпаздар байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.

.