Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 7 қарашадағы №353 хатына сәйкес №3 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшы сабақтары» атты республикалық бірыңғай ашық сабақтар өткізілді.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу; балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту; еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін,патриотизмді,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Міндеттері:
- оқушыларды Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірісен және еңбек жолымен таныстыру;
- Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы арқылы өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, белсенді, шығармашыл, мақсаты айқын, ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу;
- ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбек жолы туралы түсінігін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын дамыту
(ҚР Тұңғыш Президентінің балалық шағы, Тәуелсіз Қазақстанның символы – Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның әр азаматының мақтанышы туралы айту ұсынылады.)
«Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшы сабақтары» атты республикалық бірыңғай ашық сабақтарында 1 а сыныбы «Ел және елбасы», 1 ә сыныбы «Менің тұңғыш Президентім», 1 б сыныбы «Ел құрметтеген Елбасы», 2 а сыныбы «Менің Президентім», 2 ә сыныбы «Менің тұңғыш президентім», 2 б сыныбы «Ел ертеңін ойлаған Елбасы», 2 в сыныбы «Елбасы күні – елдікке құрмет», 3 а сыныбы «Елбасы – ел тірегі», 3 ә сыныбы «Елбасы – ел тірегі», 3 б сыныбы «Менің тұңғыш Президентім», 4 а сыныбы «Менің Елбасым», 4 ә сыныбы «Елдің туын желбіреткен Елбасы», 4 б сыныбы «Елбасы – елдің тірегі», 5 а сыныбы «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!», 5 ә сыныбы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», 6 а сыныбы «Елбасы – ел тірегі», 6 ә сыныбы «1 желтоқсан-еліміз үшін елеулі күн», 6 б сыныбы «Ел ертеңін ойлаған Елбасы», 7 а сыныбы «Елбасы еңселеткен Елорда», 7 ә сыныбы «Біздің Елбасымыз», 7 б сыныбы «Елбасы еңселеткен Елорда», 8 а сыныбы «Елбасы-ел тірегі, абыройы, айбаты.», 8 ә сыныбы «Ел ертеңін ойлаған Елбасы», 9 а сыныбы «Біздің Елбасымыз», 9 ә сыныбы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.», 9 б сыныбы «Біздің Елбасымыз», 10 а сыныбы «Біз Елбасына сенеміз», 10 ә сыныбы «Біздің Елбасымыз.», 11 а сыныбы «Ел және Елбасы», 11 ә сыныбы «Президент — ғасыр адамы» тақырыптарында өткізді. Сабақ барысында «Ел Президенті – ол...», «Президент қандай болуы керек?», «Егер мен Президент болсам...» ауызша ой қозғаулар ұйымдастырылып, әртүрлі тапсырмалар орындалды.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/225-t-ysh-prezident-k-ni.html#sigFreeId62afb07850











