Бүгін 11 желтоқсан 16 желтоқсан еліміз аңсаған тәуелсіздік күніне арнайы өткізілген "Тәуелсіздік - ел тілегі!" атты «Жас Ұлан» "Жас қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.


«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
Салтанатты жиынның шымылдығы аудандық, облыстық "Адал ұрпақ" ерікті мектеп кблубының маршеровкасымен бастап, ҚР-ның Мемлекеттік Гимнін орындалып, мектеп ұланбасысына "Жас Қырандықтар" мен "Жас Ұландықтар" мәлімдеме тапсырды.
Әрі қарай жиын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туын кіргізіп, ұйымның әнұранын орындалып, Жас Ұландар ант беріп, аға буынның тәрбиесін өнеге тұтып, жақсы істер мен жаңа бастамаларды сіздермен бірге атқару мақсатында ұйым қатарына қосылуға бел шешкен тәуелсіз елдің жас өрендеріне төс белгі мен галстукті тағуға мектебіміздің ардагер ұстазы Бекболат Сәрсенғалиев, ауылымыздың ауған соғысының ардагері Қоблан Байжанов, бұрынғы прионер вожатыйы, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Зәмзәгүл Ахатқызы және де мектеп директоры Шолпан Унгарбаева келіп, оқушыларға ақ тілектерін жолдады. Салтанатты жиынға "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері 10-сынып оқушысы Темірбаев Есен мен 7-сынып оқушысы Бәйсеңгір Жайнар ән шашуларын арнады. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап 2018-2019 оқу жылынан мектеп Ұланбасысы, биылғы оқу жылының түлегі, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Елеубай Сағадат құттықтау сөз сөйледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы шығарылды.
Жас Ұландықтар! Жас Қырандықтар!
Уәделеріңізге болаттай берік болып, әрқашан тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете берулеріңізге тілектеспіз.