Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз.
Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.
Бүгін №3 жалпы орта білім беретін мектепте шағын орталық тобында «Тұғыры биік – тәуелсіздік» тақырыбындағы ертеңгілік, мектеп алды даярлық тобында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында тәрбие сағаты, 1-4-сыныптар арасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты сынып сағаттары, 5-8-сынып арасында «Тәуелсіздік - ел тілегі» тақырыбындағы тәрбие сағаты және де 9-11-сыныптарында «Желтоқсан - тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбындағы әдеби кеш өткізілді.
Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Жиырма сегіз жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/229-t-yry-biik-t-uelsizdik.html#sigFreeId972ca20fc7











