№3 жалпы орта білім беретін мектепте 2020 жылдың 15 қаңтар күні өткізілген  ата-аналар конференциясына аудан орталығынан  арнайы мамандар шақырылды. Конференцияға қатысқан ата-аналар саны – 284.

Жылыой аудандық емханасының нарколог маманы З.Ш.Мусина «Жасөспірімдер арасындағы есірткі қолданудың зардабы және оның алдын алу» жөнінде , «Ерте жастан жүктіліктің алдын алуды » түсіндіру  бағытында    Жылыой аудандық емханасының «Отбасын жоспарлау» кабинетінің жауапты психолог маманы  А.Қ.Естебаева,  «СӨС сақтау бағытында дұрыс тамақтану ережесі және әдістері» тақырыбында   «Салауатты өмір салты» орталығынан мейірбикесі Г.Қ.Муканова шақырылып, Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 04-04-07 №2272 шығыс хатына сәйкес «СНЮС» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, сатуға, сақтауға, тасымалдауға, пайдалануға тыйым салу туралы  МДТЖО Камысбаева А.Е. ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, балаларды қорғау және үлгілі тәрбие беру үшін ата-аналарға балаларға жауапкершілікпен қарап, болашақ ұрпақтарымыздың денінің саулығын, салауатты өмір салтын сақтауын  басты назарда ұстауы керектігін баса айтып өтті.

Конференцияны мектеп директоры Ш.Б.Унгарбаева қорытындылап, ұсыныстар қабылданды.