Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рақмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Сол мақсатта бүгін мектебімізде "Алғыс айту - ең асыл сөз" тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.