«Жарқын жастық – баянды болашақ»
№3 жалпы орта білім беретін мектепте 2021 жылдың 12 ақпан күні Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы және ұйымдастырушысы Абилхайров Айбек Айтуұлының ұйымдастыруымен "Жарқын жастық - баянды болашақ" тақырыбында 2019-2020 оқу жылындағы мектебіміздің түлегі, Ақтөбе қаласындағы Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы ҚР ҚК-нің Әуе қорғаныс күштері институтының 1 курс курсанты, болашақ ұшқыш маман Елеубай Сағадат Асылұлымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әскери тәрбие – адам бойына ұлтжандылықты сіңіруде үлкен үлес қосатын жауапты саланың бірі екендігі айтылуымен қатар, шара барысында Сағадат қарулы күштеріміздің жауынгерлік әзірлігі мен жаттығуларын, АК-74 автоматын шашып-жинаудың қыр сырын көрсетті. Шараға қатысушылар сұрақ-жауап алысып, пікір алмасты.
https://zhylyoi3.edu.kz/kz/zhanaly-tar/253-zhar-yn-zhasty-bayandy-bolasha.html#sigFreeId56436a9882











