Бүгін 12 желтоқсан күні Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылы №3 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай "Тәуелсіздік-ел тірегі" тақырыбында, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін руxани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін "Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына барлығы-145 оқушы қабылданды. 1-4 сыныптар арасынан "Жас қыран" ұйымына - 85 оқушы, 5-11 сыныптар арасынан "Жас Ұлан" ұйымына - 60 оқушы қабылданды.


Салтанатты жиынға Қара-Арна ауылдық округінің әкімі, бастауыш "Нұр Отан" партиясының мүшесі- Ерболат Құлxайұлы, ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-заңгері -Ундыбаева Жангуль, ардагер ұстаз - Сарсенғалиев Бекболат, мектептің бұрынғы пионер вожатыйы, ардагер ұстаз-Мұxамбетова Күнзия және мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі -Зәмзәгүл Аxатқызы қатынасып, оқушыларға төсбелгілері мен галстуктар тағып, жылы лебіздерімен құттықтады. Сонымен қатар "Жас толағай-2018" аталымы бойынша "Мәңгілік ел ұландары" облыстық жыл жүлдесінің иегері 9 сынып оқушысы- Керей Жандарбек Шыңғысұлы және "Жас патриот-2018" аталымы бойынша "Алғыс xат" иегері 9 сынып оқушы -Құрманғазықызы Камила жиында марапатталды. Жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымы оқушылары ант қабылдап, ән шырқап, жырдан шашу шашты.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, xалқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!!! Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!!!